Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА ОСЫ АПТАДА КҮН РАЙЫ САЛҚЫН БОЛАДЫ

Атырау облысында осы аптада күн әдеттегідей ыстық болмайды деген болжам бар. Синоптиктердің айтуынша, 19 маусым күні облыстың шығысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал 20-23 маусым аралығында күн райы ашық, жауын-шашынсыз болады. Ауа температурасы түнде 10-15 градус, күндіз 21-26, кей күндері 28-33 градус ыссы болуы мүмкін. Естеріңізге сала кетейік, өткен демалыс күндері Атырау аймағында нөсер жауын жауып, желдің екпіні күшейген еді. Тіпті кей жерлерде бұршақ жауып, көпті әбігерге салды. Мамандардың айтуынша, күннің салқындауына ауа қысымының өзгеруі себеп. Бұл өз кезегінде ауа массасының жоғары қысым аймағынан төменгі қысым аймағына ығысуына ықпал етеді. Жалпақ тілмен айтқанда, жылы ауа жеңіл болғандықтан, жоғарыға көтеріледі де, салқын ауа массасы төмен түседі.
Толығырақ https://fb.watch/lp6rRVVGQn/

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *