Жаңалықтар

АТЫРАУДА ЖОЛ АПАТЫНАН 3 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Орал қаласынан Атырауға бағыт алған жолаушылар автобусы жүк көлігімен соғысып, үш адам қаза тапты. Бұл туралы қалалық «Caspian News» телеарнасы хабарлайды.

Оқиға Индер ауданына қарасты Көктоғай ауылы маңында болды. Автобус ішіндегі 43 жолаушының 15 -і жарысқа бара жатқан спортшы балалар. Олардың барлығы да дін аман. Бес адам Атырау облыстық ауруханасына, ал 9 адам Махамбет және Индер аудандық ауруханаларына шұғыл жеткізілген.

Зардап шеккендермен психолог мамандар жұмыс жасап жатыр. Апаттың себептерін тәртіп сақшылары анықтауға кірісті.

Жолаушылар мен олардың жай-күйі туралы ақпарат алу үшін 98 02 92, 8 778 007 20 21 телефондарына хабарласуға болады. Осы оқиға байланысты қылмыстық іс «көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарының жұмысын бұзу» бойынша жүргізілмек.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *