Атырауда психоневрологиялық дамуында ауытқуы бар және қимыл-қозғалысы қиын балалар үшін «Айна-Like” деп аталатын күндізгі жартылай стационар ашылды. Оған облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, орталықтың әлеуметтік тұрғыдан аса маңызды екендігін айтты. Бөлімше «Лесхоз» шағын ауданындағы №3 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ішінде орналасқан. Ғимараттың бір бөлігіне демеушілердің көмегімен күрделі жөндеу жасалып, енді стационар ретінде пайдаланылмақ. Мұндағы барлық кабинет заманауи құрал-жабдықпен жасақталған. Күндізгі бөлімшеде 1,5-нан бастап 18 жас аралығындағы мүгедектігі бар балаларға ем-дом жасалады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0