Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қаржылай қолдауымен мұнай-газ саласынының студенттеріне арналған оқу-өндірістік полигонының құрылысы басталды. Аумағы 4 гектарды қамтитын алаңда болашақ мұнайшылар жер қыртысын барлаудан бастап мұнай өнімдерін өңдеуге дейінгі өндірістік процестерді жүзеге асыра алады. «Жоба 3 жыл еңбекті, ізденісті талап етті. Осы уақыттың ішінде ең қиыны келіссөздер жүргізіп, құжаттамаларды дайындау болды» дейді «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Рысты Тасмағамбетова.
