Атырауда «Бекіре» жедел іс-шарасы кезінде көлігіне бекіре балығының бірнеше данасын тиеп алған азамат ұсталды. Рейд кезінде тәртіп сақшылары көзге күмәнді көрінген ресейлік көлікті тоқтатып, тексерген. Оның нәтижесінде жүк салғыштан жалпы салмағы 37 келі болатын 12 дана бағалы балық тәркіленді.
Жалпы күзгі маусым басталғалы бері, осындай 4 қылмыстық іс тіркеліп, бір тоннадан астам балық және 5 қайық тәркіленген. Балық аулау заңдылықтарын бұзған 85 адамға әкімшілік хаттама толтырылған.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0