Жаңалықтар

АТЫРАУДА АЙТЫС ӨТТІ

Атырауда Мұрат Мөңкеұлының 175 жылдығына арналған халықаралық айтыс өтті. Оның шымылдығын Монғолиядан келген Серік Қуанған мен атыраулық Абылай Смағұлов ашты. Мұрат Мөңкеұлының өмір тарихынан бастап қара өлеңмен өрген олар бүгінгі қоғамның өзекті тұстарын айтуда да аянып қалмады. Әсіресе, қыз бен жігіт арасындағы жыр-тартысты көрсете алған Әсем Ережеқызы мен Нұрлан Есенқұловтың айтысы көрермен назарын өзіне ерекше аударды.

Айтысқа ұзын саны 20 ақын келді. Олардың ішінде Монғолия мен Қырғызстаннан келген ақындар да бар. Ал, аламанға Қазақстанның атынан Ринат Зайытов, Мұхтар Ниязов және Жансая Мусина сынды танымал айтыскерлер додаға түсті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, айтыс рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізілуде.

Жүрсін ЕРМАН, ақын:

— Халықтың рухани олжасы болар деп ойлаймыз. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткізіліп жатырған көп шаралардың бірі бұл былай айтқанда… Екіншіден халықтың еңсесін тіктейтін, рухын көтеретін жыр аламаны болады деп күтеміз.

Көрерменін көп күттірген айтысқа Алматы мен Астанадан келген мәдениет қайрарткерлері қазылық етті. Жабық түрде бағаланатын айтыстың ақтық кезеңі 26-шы қазан күні өтпек.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *