Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА АЙНАЛМА ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Атырауда айналма жолдың құрылысы басталды. Ұзындағы шамамен 26 шақырым. Ол республикалық «Атырау-Орал» трассасын «Атырау-Ақтау» автомагистриалімен жалғастырады. Жол қиылыстарында 3 жолайрығы және 2 көпір болады. Мұндағы басты мақсат — Ресейден келетін транзиттік көліктердің қала ішіне кірмеуін қамтамасыз ету. Себебі ауыр жүк көліктері тар көшеде кептеліс туғызады әрі жол сапасының одан әрі нашарлауына әсер етеді. Мамандар салынып жатқан «Солтүстік айналма жол» біраз мәселенің түйінін шешеді дейді.
Толығырақ: https://fb.watch/kJtqVApLSj/

Оқи отырыңыз...

Атыраудағы жаңа электр желілері МАЭК жүктемесін азайтады

РЕФЕРЕНДУМ-2026

СПОРТШКОЛУ И ПЛОЩАДЬ ГОССИМВОЛОВ ОТКРЫЛИ В БЕЙНЕУ