Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДАҒЫ МҰЗ АЙДЫНЫ ҒИМАРАТЫ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

Атыраудағы мұз айдыны ғимараты мемлекетке қайтарылды. Мұндай мәліметті Атырау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері жария етті. Олардың сөзінше, нысанды сенімгерлік басқаруға алған кәсіпкер қойылған талапты толық орындамаған. Бұл ғимарат 2015 жылы жеке тұлғаға уақытша өтеусіз пайдалануға берілген. Бірақ лауазымды тұлғалардың әрекетсіздігінен мемлекет осы мәміледен пайда алу мүмкіндігін жіберіп алыпты. Яғни бюджетке соқыр тиын да түспеген. Қолда бар мәліметке қарағанда мұз айдынын сенімгерлік басқаруға алған адам мен «Бейбарыс-Атырау» хоккей клубының басшысы — бір адам. Хоккей клубын Орал қаласында 2018 жылы тіркелген «Бушанова Гаухар Михайловна» жеке кәсіпкерлігіне сенімгерлік басқаруға алған. \

Толығырақ бейнематериалда

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *