Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

Арысқа көмек: бірнеше сағатта атыраулықтардан 3 миллионнан астам қаржы жиналды (видео)

Атырау, Caspian News.

Атыраулықтар жарылыстан зардап шеккен Арыс жұртына қолдау көрсетуді бастап кетті. Таң атысымен «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының ғимаратына азық-түлік пен киім-кешек және өзге де тұрмыстық тауарларын арқалап келіп жатқандар көп. Кәсіпкерлер қап-қабымен, қарапайым халық сөмкелеп әкеліп жатыр.

Нұр Отан партиясы Атырау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлыбек Ожаевтың айтуынша, жарты күн ішінде арнайы ашылған есепшотқа атыраулықтардан үш миллион теңгеден астам қаржы жиналыпты. Сонымен қатар, медициналық көмек көрсету мақсатында он шақты дәрігер Арысқа аттанып кетіпті.

Оқи отырыңыз...

ЖАҢА САЯБАҚ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (видео)

3 МЫҢНАН АСТАМ ҚҰРМАНҒАЗЫЛЫҚ МАЙДАН ДАЛАСЫНАН ОРАЛМАДЫ

СМЕРТЕЛЬНОЕ ДЕЛО (ВИДЕО)