Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

АРАЛДАҒЫ ҚҰСТАР ПОПУЛЯЦИЯСЫ ЕРЕКШЕ ҚАРҚЫНМЕН КӨБЕЮДЕ

«Каспий»теңізінің тартылып, «Шалыга» аралы аумағының ұлғаюы және браконьерлердің азаюы – мұндағы құстардың популяциясына ерекше әсер етуде, — дейді «Ақ Жайық» табиғи резерватының мамандары. Орнитологтар қазір бұл маңда қылаң қарабас шағаланың 5,5 мың, өгіз шағаланың 4 мың, үлкен суқұзғынның 1,5 мың және бұйра, қызғылт бірқазанның 200 жұбының бар екендігін айтады. Мамандар аралға апта сайын келіп, зерттеу-қадағалау жұмыстарын жүргізетін көрінеді. Содан да болар браконьерлік дерегі азайған. Әйтпесе екі-үш жыл бұрын көбейіп, мұндағы қанаттылардың өсіп-өнуіне кедергі келтірген еді, — дейді орнитологтар.
Толығырақ: https://fb.watch/kAoPGLic_G/

Оқи отырыңыз...

ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРІКМЕНСТАН АРАСЫНДАҒЫ ЖҮК ТАСЫМАЛЫ ЕКІ ЕСЕ АРТТЫ

ЕРЕКШЕ ЖАНДАРДЫҢ АРАСЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТТІ

«ЕМБІМҰНАЙГАЗ» АҚ АРДАГЕР МҰНАЙШЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ