Жаңалықтар

Апатты жағдайдағы жатақхана тұрғындары жаңа баспанаға көшкілері келмей отыр

Атырау, Caspian News. Үкіметтің берген үйінен бас тартуда. Қаладағы Дружба көшесіндегі апатты жағдайда тұрған нөмірі 1-ші жатақхананың тұрғындары жаңа баспанаға көшкілері келмейді.

Оған себеп, енді қолданысқа берілетін пәтердегі бөлме саны. Яғни, әкімдік жатақханадағы 2 бөлменің орнына 1 бөлме ұсынып отырған көрінеді. Бүгінгі күнге дейін жатақхананың қиындығын көріп келдік, соны ескеріп басшылар біздің де талабымызға құлақ асса екен, — дейді тұрғындар.

Гүлнәр ҚҰЛНИЯЗОВА, Атырау қаласының тұрғыны:

Өз қаражатымызға сатып алған, кухнясы жоқ болғанның өзінде 35 шаршы метріміз бар бөлмемізге 1 бөлмелі үй берейін деп тұр. Біздерді қала ортасынан қала шетіне апарайын деп тұр. +Мектеп, балабақша, емхана деген жоқ, көлік қатынасы да нашар. Бұл мәселені шешуге әкімдердің де, депутаттардың да құлқы жоқ. Біздер барсақ заң солай деп құтылады.

Жиналғандардың айтуынша, қазіргі тұрып жатқан жатақханадағы бір бөлменің жалпы аумағы 35 шаршы метр болса, Береке ықшам ауданынан берілетін жаңа үйлердегі пәтердің ауданы 40 шаршы метр. Десе де, тұрғындар пәтердің жалпы аумағына емес, тұруға жарамды бөлігінің кіші екендігіне шағымданып отыр. Яғни, бұрын жатақханада әрқайсысы 12 және 18 шаршы метр болатын 2 бөлме болса, жаңа пәтердегі бір бөлмелі пәтердің көлемі 12 шаршы метр. Ал, қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мамандары заңнан әрі аса алмаймыз деген пікірде.

Рафхат ЖОЛДИЕВ, Атырау қалалық ТҮКШ сектор меңгерушісі

Егерде көшпейсін деген жағдайда олардың өздерінің еркінде. Біз ешкімді күштеп көшсең де көшесің, көшпесең де көшесің деген ондай бізде мақсат жоқ. +Бізде тізім бар. Тізімнің басынан бастап келе жатырмыз, енді тізімде мына Дружба көшесі үшінші болып тұр. Бірақ ол кісілердің келісімі болмауына байланысты біз тізімде келесі тұрған үйлерді көшіруге жұмыстанып жатырмыз қазіргі уақытта. Сондықтан да осы Дружба көшесі тұрғындарының 100 пайыз толықтай келісімі болған жағдайда біз келесі бітетін үйден біз беретін боламыз.

Атырау қаласы бойынша апатты жағдайда тұрған 12 жатақхана бар. Оның екеуінің тұрғындары жуықта Береке ықшам ауданындағы жаңа көп қабатты үйлерге қоныс аударды. Қалған 10 жатақхананың тұрғындары да жоспар бойынша Береке және Нұрсая ықшам аудандарында салынып жатқан үйлерге көшірілмек.

Жанаргүл Бисенова, Айбек Жаңай, КН

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *