Жаңалықтар

АНАЛАРДАН 6 МЛН ТЕҢГЕ

Атыраулық аналар төтенше жағдай кезінде алдыңғы шепте жүрген дәрігерлер мен полицейлерге 6,5 миллион теңге аударды. Бастама «MEIRIM SHUAGY» акциясы аясында қолға алынған. Оған қоғам қайраткері, Атырау облысының Құрметті азаматы Рашиля Мұрсәлиева мен облыс әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі  комиссия мүшелері, қоғам белсенділері, еңбек ардагерлері, БАҚ өкілдері, Исатай, Индер, Махамбет, Қызылқоға ауданының белсенді әйелдері атсалысты. Сонымен қатар,  «Өнерпаз» ЖШС басшылығымен  1000 маска тігіліп, тегін таратылды.  

Рашиля МҰРСАЛИЕВА, Атырау облысының құрметті азаматы

— Небары он күннің ішінде  6 миллион 500 мың теңге көлемінде қаржы жиналды. Қаржыны алдыңғы шепте жанкешті еңбек етіп жүрген 100 медицина, 30 полиция қызметкеріне, барлығы 130 адамға  50 мың теңгеден бөліп аудардық. Себебі, карантин жағдайында еңбек етіп жүрген мамандарымыздың отбасылары, балалары бар. Осындай қиын жағдайда 130 адамға ақшалай ғана көмек көрсетілген жоқ. Бұл жерде аналарымыздың ақ батасы да бар.

Айта кетейік, осыған дейін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің бастамасымен демеушілік қолдау арқылы, алдыңғы шепте жүрген 630-дан астам медициналық қызметкерге 50 мың теңгеден ынталандыру ақы берілген еді. Жалпы, аймақ бойынша медицина мамандарына үстемеақы төлеу үшін 288,7 миллион теңге бөлінді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *