Жаңалықтар

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «қызметкері» ұсталды

Алматыда өзін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкері ретінде таныстырып, бірқатар заң бұзушылық жасаған 32 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, арнайы батальон экипажы Сейфуллин мен Қабанбай көшелерінің қиылысында «Мерседес» көлігіне назар аударған. Көліктің алдыңғы жəне екі жақ бүйіріндегі барлық терезелер көлегейленгені күдік туғызған.

Көлікті тізгіндеген Тараз қаласының тумасы Станислав Зрейнов бұған дейін ҚР ҚК 202-бабының 1-бөлігімен және 293-бабының 2-бөлігімен істі болғаны анықталды.

«Көлігіне РФ мемлекеттік тіркеу нөмірі орнатылғаны анықталды. Көлікті тексеру кезінде жүргізуші көрсеткен техникалық паспорт та мемлекеттік нөмір сияқты жалған болып шықты. Одан бөлек, көлік багажынан 4 комплект мемлекеттік нөмір, кісен, бита табылды. Жүргізушінің өзін тексеру кезінде ҰҚК департаменті қызметкерінің жалған куəлігі табылды. Бұл заттардың барлығы ҚР ҚК-нің 385-бабы бойынша қозғалған қылмыстық  іске заттық айғақ ретінде тəркіленіп алынды», — деді қалалық Полиция  департаментінің əкімшілік полиция басқармасының басшысы Жандос Мұратәлиев.

Оның айтуынша, Зрейнов ҚР ƏҚК-нің бірқатар бабын бұзғандықтан көлік айып тұрағына қойылды.

Дереккөз: inform.kz

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *