Басты ақпаратЖаңалықтар

Алматыдағы жер сілкінісі: Төтенше жағдай департаменті неліктен дабыл қағылмағанын жөнінде түсіндірді

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрлан Атығаев зілзала кезінде және одан кейін дүмпу барысында не себепті SMS хабар жіберілмегені және жаппай дабыл қағылмағаны жөнінде пікірін айтты.

«Мұндай шұғыл сәтте SMS-хабардың қала тұрғындарына дереу жетпейтінін бұған дейінгі практика көрсетті. Операторлар ақпаратты өңдеп үлгермейді. Сондықтан бұл тәжірибені біртіндеп доғардық», — деді Нұрлан Атығаев.

Оның сөзінше, зілзала туралы алғашқы ақпарат БАҚ-тарда 0 сағат 11 минутта жарияланған. Нұрлан Атығаевтың айтуына қарағанда, сейсмостанциялар 5,5 балдан асатын зілзала тіркегенде ғана қалада жаппай дабыл қосылады.

«Түнде 4-5 балл арасында болды, сондықтан жаппай дабылды қосудың керегі болмады. Одан сайын шу-шұрқан көбейтіп, дүрбелең жасағамыз келмеді», — деді төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Ал тұрғындар Android телефонын қолданушылар жер сілкінетіні жөнінде хабарлама келгенін айтуда.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *