Жаңалықтар

АЛАЯҚТАРҒА АЛДАНЫП ҚАЛМАҢЫЗ!

Атырауда ғаламтор арқылы жасалатын алаяқтық саны артқан. Полицейлердің айтуынша, жыл басынан бері облыста осындай 135 дерек тіркелген. Алаяқтар өздерінің арам ойларын жүзеге асыру үшін көбіне көлік пен оның бөлшектерін сататын сайттарды пайдаланады. Мысалы, көлікке қосалқы жабдық сатамын деп хабарландыру берген азаматқа аңқау тұтынушы бақандай жарты миллион теңгесін аударып жіберген. Ақша қолдарына тиген соң олар әлеуметтік желідегі парақшасын жойып, телефон нөмірін өшіріп тастайтын көрінеді. Сонымен қатар, алаяқтар енді ағайын-туманың да рөлін сомдауға көшкен. Олар ғаламторды белсенді түрде пайдаланушылардың туған-туыстарының фотосын пайдалану арқылы жаңа парақша ашып, қарызға ақша алған. Осындай оқиға бойынша атыраулықтардан қазан айында екі арыз түсіпті. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *