Төтенше жағдай режимін бұзғандарға салынатын айыппұл 10 есеге өсті. Енді алғашқы тәртіпбұзушылық үшін 100 АЕК немесе 15 күндік қамауға алу жазасы белгіленеді. Ал оны қайталағандар жарты миллионды құрайтын 200АЕК төлейді немесе бақандай бір айға қамалады. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне енгізілген осы және өзге де түзетулер Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мақұлданды. Аталған өзгерістер Мемлекет басшысының төтенше жағдай кезінде денсаулық сақтау жүйесінің жұмысын жетілдіру, санитарлық-карантиндік бақылау және елдің эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды. Еске салайық, бұған дейін тәртіп бұзушыларға 10 АЕК дейінгі айыппұл немесе 10 тәулікке қамауға алу белгіленген болатын.
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0