Жаңалықтар

АДАМ ДЕНСАУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Қаладағы № 35-ші Хамит Ерғалиев атындағы мектеп-гимназияда «Денсаулықты нығайту» бағдарламасы бойынша әдістемелік семинар өтті. Оған ұстаздар мен ата-аналар, оқушылар қатысты. Семинар барысында «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» деген атаумен жеміс-жидек, көкөніс көрмесі ұйымдастырылды. Бұдан өзге отбасылық дәріхана бұрышы да жасақталып, дәрігерлерлер тарапынан салауатты өмір салтын ұстану бойынша кеңес берілді.

Мұндай семинар бұған дейін 21-ші және 17-ші мектептерде өткізілген болатын. Енді оны жылдың соңына дейін қаланың барлық мектептерінде, ал жаңа жылдан бастап аудандардағы барлық білім беру мекемелерінде өткізу жоспарланып отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *