Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

АБАҚТЫДАҒЫ АРУЛАР МЕРЕКЕСІ

Нұрмұқан Жантөрин атындағы Атырау облыстық филармониясының әртістері қаладағы әйелдер түрмесінде жазасын өтеп жатқандарды Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Одан бөлек, сотталушылар туған-туысқандарымен қауышып, бір жасап қалды. Солардың бірі — Гүлжамал Дүйсенбаева. Ол өзін іздеп ешкім келмесе де, мұндағы жарым көңіл жандарды тұтас бір өнер ұжымының арнайы құттықтай келгендеріне қуанышты.

Филармония әртістерінің айтуынша, олар түрмедегілердің көңілін көтеріп, өткен қателіктерін бір сәтке болса да ұмыттыру үшін әзілге толы бірнеше қойылым дайындапты. Шараға жазасын өтеушілердің арасынан да белсенділік танытып, атсалысқандар табылды. Тіпті үстеріндегі концерттік киімдерді де өз қолдарымен дайындапты.

Бүгінде Атыраудағы әйелдер түрмесінде 170-тей адам жазасын өтеп жатыр. Жас шамалары 21 мен 70-тің аралығында. Көпшілігі алаяқтық жасағандықтары үшін сотталған.

Оқи отырыңыз...

VISIT ATYRAU ЖӘНЕ OPEN TURKISTAN ТУРИСТІК ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАҚТАЛДЫ

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА 6 МЫҢ ТОННАҒА ЖУЫҚ КӨКӨНІС ӘКЕЛІНЕДІ

Атырауда газ құю бекетіне қарақшылық жасаған екеу ұсталды (видео)