Жаңалықтар

🚉🚉НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ АТЫРАУ МЕН МАҢҒЫСТАУДАН ЖҮРЕТІН ПОЙЫЗДАРҒА ҚОСЫМША ВАГОН ТІРКЕЛЕДІ

Наурыз мерекесіне орай «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздар мен вагондар санын арттыруды жоспарлап отыр. «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жолға қосымша 3 пойыз шығады және қосымша 237 вагон тіркеледі. Нақты айтқанда нөмірі 47-48-ші Атырау-Астана бағытындағы пойызға 21-23 наурыз аралығында, нөмірі 313-314-ші Маңғыстау-Атырау пойызына 20-23 наурыз аралығында және нөмірі 692-691-ші Ақтөбе-Атырау бағытындағы жолаушылар пойызына 20-25 наурыз аралығында қосымша вагондар тіркеледі. Қосымша ақпаратты «1433» нөмірлі колл орталыққа телефон шалып білуге болады. Қоңырау шалу тегін. Және де «KTZH_PP_BOT» telegram-боты немесе jolaushylar_tasymaly АҚ-ның инстаграмдағы ресми парақшасынан біле аласыздар.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *