Басты ақпаратЖаңалықтар

Қиғаш та көтеріліп жатыр…

Еділ су электр станциясынан су жіберу 25 550 м3/с құрады, деп хабарлайды Caspian News Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап.

Атырау облысы бойынша «Қазгидромет» РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 24 сәуір сағат 8-дегі жағдаймен Қинаш пен Шароновка каналында, Еділ өзенінің бассейнінде су деңгейінің жоғарылауы байқалады. Деңгейдің көтерілуі Волгоград су қоймасынан су тасқыны кезінде судың көбеюіне байланысты.

Қиғаш өзені – Шортанбай ауылы су бекетіндегі су деңгейі 302см, тәулігіне көтерілу +14 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 173 см құрайды.

Қиғаш өзені – Котяевка ауылы су бекетіндегі су деңгейі 167 см, тәулігіне көтерілу +9 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 157 см құрайды.

Шароновка өзені – Ганюшкино ауылы су бекетіндегі су деңгейі 183 см, тәулігіне көтерілу +6 см. Су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 86 см құрайды.

23 сәуірде Еділ су электр станциясынан су жіберу 25 550 м3/с құрады. Қиғаш пен Шароновка каналдарындағы су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *