Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Қауіпті инфекцияларды анықтау үшін Жайық өзенінен сынама алынуда

Сәуір айы басталғалы бері Жайық өзенінен 30 сынама алынды.
Атырауқаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бөлім басшысы Қаламқас Аманжулованың айтуынша, сәуір айынан бері Жайық өзенінен вирусологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық сынамалар алынып басталған.

«Тасқын жағдайына байланысты, Жайық өзенінің бірнеше нүктесінен сынамалар алынып отырады. Бұған дейінгі сынамалардан лайлылық, түс пен дәмнен сәйкессіздіктер анықталды. Бірақ, ол жағдайлардың адам денсаулығына зияны жоқ» деді спикер.

Оқи отырыңыз...

Қазақстанда педофилдерге хирургиялық кастрация енгізу ұсынылды

АҚТАУДА ЗАҢСЫЗ САЛЫНҒАН ТАУНХАУС БҰЗЫЛДЫ

«Дін және қоғам» ток-шоуы. «Терроризмге қарсы күрес — ортақ міндет»