Басты ақпаратЖаңалықтар

ТЕҢІЗДЕН ҚАУІП ТӨНУІ СЕБЕПТІ ЖАНБАЙ ХАЛҚЫ ҚАУІПСІЗ ЖЕРГЕ КӨШІРІЛДІ

Жанбай ауылының теңіз жақ бетіндегі үйлерге су тасқыны қаупі төнгендіктен ондағы халық қауіпсіз жерге көшірілді. Олар арнайы дайындалған орынға жеткізіліп, жатын орын, азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Зардап шеккендерге медициналық қызмет көрсетілді. Ал мамандар су басқан аймақтағы құлап қалған электр бағаналарын тез арада қалыпқа келтіру үшін жұмыстануда. Елдімекеннің теңіз жақ бетінен уақытша дамба соғу үшін үш техника пайдаланылып, бұл жұмысқа Жанбай шекара заставасының әскерилері жұмылдырылды.

Су тасқынының алдын алу, бола қалған жағдайда оның салдарын жоюға арналған «Көктем-2024» іс-шарасы Исатай ауданында осындай сценарий бойынша өтті. Халықтың қауіпсіздігіне жауаптылар кез-келген жағдайға сақадай саймыз деп отыр.

Мамандар қазір теңіздің жақын маңдағы елдімекендерден бірнеше шақырымға дейін тартылып кеткенін, сондықтан қарт Каспийден айтарлықтай қауіп жоқ екендігін айтады. Дегенмен «сақтансаң сақтармын» дегенді естен шығармай, дайындықты тағы бір пысықтап алғанды жөн көріпті. Еске салайық, Нарын құмында мал шаруашылығымен айналысатын халық 1974-1975 және 1993 жылдары теңіздің тасуынан зардап шекті. Ал 2016 жылы көктемгі қатты жауыннан аудан орталығы Аққыстау мен Тұщықұдық ауылы суға кетті. Абырой болғанда адам аман. Үйлер құлаған жоқ. Жауапты мекеме жұмысшылары жерге сіңе алмай жиналып қалған жаңбыр суын насоспен айдалаға айдап кетірді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *