Жаңалықтар

ТАҒЫ ДА БАЛА ӨЛІМІ

Еркінқалада жоғалған 11 жасар бала өлі табылды. 10 маусым күні кешкісін велосипед теуіп кеткен жеткіншек үйіне оралмаған. Төңіректе іздестіру жұмыстарын жүргізген жедел құтқару жасағы Жайық өзенінен баланың денесін шығарды.

Рашид БІЛӘЛОВ, Атырау облысы ТЖД бастығының орынбасары

  • Сұрастыру жұмыстары жүргізіліп, біздің ктнологическии расчет пен иттеріміз бар солармен іздестіру жұмыстарынан баланың велосипеді және заттары табылған болатын. 8 сағат 10 минутта Атырау облысы жедел құтқару жасағының 1 жүзу құралы мен 5 қызметкер, 1 единица техника баланың денесін суға түсуге жабдықталмаған жерден судан шығарылды.

Жыл басынан бері облыста 14 адам суға кеткен, оның төртеуі – бала. Ал өткен жылы осы уақыт аралығында он ересек пен екі бала тіркелген. Құтқарушылар суға кеткен жеткіншектердің көбейгенін айтып, дабыл қағуда.

СНХ для русс 00026

Малика ТАКЕЖАНОВА, тілші

  • Өкінішке қарай, маусым басталысымен облыста үш бала суға кетіп, ажал құшқан. Айдың бел ортасына жетпей, міне, төртінші жағдай тіркелді. Төтенше жағдай департаменті ата-аналарды бала өміріне немқұрайлы қарамауды қатаң ескертеді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *