Жаңалықтар

СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Атыраулық студент жастар Индонезия астанасы Джакартада өткен 3 жазғы Пара Азия ойындарының чемпиондарымен кездесті. Жүзуден Паразиада ойындарының екі дүркін чемпионы Ержан Сәлімгереев пен үстел теннисінен жеңімпаз атанған Ержан Қазиевтің әсерлі әңгімесін тыңдауға Атырау инженерлік-гуманитарлық институтының 100-ге жуық студенті мен оқытушылары қатысты. Айта кетейік, шара Атырау қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жас Өрен» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. «Мүмкіндіктің шектеулі екендігіне қарамастан мың-сан кедергіге мойымай, ел атын әлемдік додаларда асқақтатып жүрген жігіттердің өмірге құлшынысы – жастардың бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына оң ықпал етері сөзсіз, — дейді олар. Мұнымен кездесуге келген студенттер де келісіп отыр.

Мұхаммед СИСЕНБАЕВ, студент:

—  Жастар мотивация алғасын жерде олар, бірінші тәрбиеден басталады ғой және де осындай адамдарды көргеннен кейін олардың бір өмірге деген құлшынысы, талпынысы үлкейеді деп ойлаймын. Өмірден түңілуге болмайды жастарға. Осындай кісілер бізге мотивация берсе, жалпы жастарда барлығы жақсы болады деп ойлаймын.

Еске сала кетейік, Ержан Сәлімгереев 100 метр қашықтыққа еркін жүзуде бірінші орын алып, ертеңінде 50 метрге еркін жүзу жарысында да ерлеген болатын. Сөйтіп, ол Азия Параойындарында ел қоржынына екі алтын медаль салды. Ал, Ерлан Қазиев үстел теннисі бойынша қатысып, жеңімпаз атанды.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *