Басты ақпаратЖаңалықтар

ОРАЗА КЕЗІНДЕ ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ КҮН САЙЫН 200-300 АДАМҒА АУЫЗАШАР БЕРІЛЕДІ

Биыл Рамазан айы 11 наурыз басталып, 9 сәуірде аяқталады. 10 сәуір —  ораза айт. Сәуірдің 5-сінен 6-сына қараған түн – Қадір түні. Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша,  өткен жылдардағыдай мешіт ауласына киіз үй тігіліп, мыңдаған адамға ауызашар берілмейді. Күннің салқындығына байланысты «Иманғали» орталық мешітінде 200-300 жанға дастархан жайылады. Өңірдегі әр мешіт сыйымдылығына байланысты ауызашар ұйымдастырмақ. Мешітке келе алмайтын жандар үшін күн сайын әлеуметтік желі арқылы түскі 12 мен 1 арасында құран хатым оқылады.

 

Биыл жан басына берілетін пітір садақа – 640 теңге. Бұл қазіргі нарықтағы 2 келі ұнның орташа бағасы. Атырау облыстық дін істері басқармасының өкілдері рамазан айында мейрамханалар уақытша намазхана ашқысы келсе, ең алдымен мемлекеттік органға хабарлау керек деп отыр. Бұл процесс ҚМДБ Атыраудағы өкілдері арқылы жүзеге асуы тиіс.

Қайролла Мусаевтың айтуынша, намазхананың ашылғаны туралы хабарлама түспесе жеке тұлғаға 200 мың теңге, заңды тұлғаға, яғни кәсіпкерге 400 мыңдай айыппұл салынуы мүмкін. Жауаптылар рамазан айында ораза тұтатын адамдардың жеке басына, наным-сеніміне қатысты кекету сынды заңға қайшы әрекеттерге әкімшілік жауапкершілік бар екенін еске салды. Дінаралық алауыздықтың белгісі байқалса іс қылмыстық болып қозғалуы ықтимал.

 

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *