Басты ақпаратЖаңалықтар

Наурыз айында неше күн демаламыз?

Наурыз айында екі ресми мереке бар: біріншісі — 8 наурыз — халықаралық әйелдер күні болса, екіншісі — 22 Наурыз мейрамы.

Жалпы алғанда қазақстандықтар наурыз айында 14 күн демалғалы отыр. 

Атап айтқанда — 8 наурыз мерекесінде аптасына 5 күн жұмыс істейтіндер 8, 9 және 10 наурыз күндері демалады. Яғни, 8 наурыз жұма күніне келгендіктен, жұма, сенбі, жексенбі — демалыс.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 8, 10 наурызда демалып, 9 наурыз жұмысқа шығады.

Сонымен қатар, Наурыз мейрамында  5 демалыс күні бар. Олар:  21, 22, 23, 24 және 25 наурыз.

Аптасына 6 күн жұмыс істейтіндер 21-24 наурыз аралығында демалып, 25 наурызда жұмысқа барады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
1
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *