Жаңалықтар

МЕКТЕПТЕР ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Мақаш Бекмұхамбетов атындағы орта мектептің іргетасы осыдан 25 жыл бұрын қаланған. 930 орынды білім ордасына 20 жылдай уақыт күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жаңашылдықты қажет ететін мектепке биыл жергілікті бюджеттен 400 млннан астам қаржы бөлініп, түгелдей жаңғыртылып жатыр.

Пангерей АСҚАРОВ, құрылыс мекемесінің  директоры

  • 11 мамырда бастадық. Жалып мерзімі 6 ай жарым. Қараша айының аяғына дейін бітіруіміз керек жоспар бойынша. Бірақ, қыркүйекке, жаңа оқу жылына үлгертеміз деп жоспарлап отырмыз. Күні бүгінге жалпы жұмыстардың 30 пайызы бітіп тұр. Төбесі бар, терезелері бар. Полностью бетонный стяжкалар құйып жатыр.

Бүгінде төрт мектепке  қаржы бөлініп, жұмыстар басталып кетті. Тағы  төрт білім ошағын жаңғыртуға, нақтырақ айтсақ, №10, 28, 2-ші және Ломоносов атындағы орта мектепті жөндеуге сметалық құжат жасақталуда. Одан бөлек екі балабақша мен қос оқушылар орталығының да іргесін жаңартуға 993 млн теңге  бөлініп тұр.

Жасұлан ХАМЗАЕВ, Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары

  • Негізінен қалада күрделі жөндеуді қажет ететін 10 мектеп бар. Оның 6уында ЖСҚ дайын. Тиісті қаражат бөлінгеннен кейін мемлекеитік сараптамаға жолданады. Қазір 4 мектептің жобасы жасақталуда.

Енді осы жұмыстар нәтижелі аяқталса, алдағы оқу жылында 10 мектептің оқушылары жаңарған білім ошағының табалдырығын аттамақ. Сондай-ақ, құрылыс жүргізуші компаниялар еңбек бағдарламасымен жұмыссыздыққа тіркелгендердің екі қолына күрек ұстатып отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *