Жаңалықтар

МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕ

Қызылқоғалық малшыларға жер жетіспейді. Бүгінде ауданда 330 шаруашылық бар. Әр қожалықтағы мал басын қосқанда төрт түлік саны 200 мыңнан асады. Бұл көрсеткішке тағы мыңды қосуға болады, бірақ ол үшін жер тарлық етеді, — дейді шаругерлер.

Құрманбек АМАНҒАЛИҰЛЫ, шаруа қожалығының жетекшісі

  • Айналдырған 3,5 мың гектар жер бар. Жылқы бар түйелеріміз бар қойымыз бар жер жетіспей жатыр кішкене. Қазір қай шаруашалыққа барсаңыз да осы бір мәселе.

Аудандағы шаруашылықтардың жұмысына кедергі келтіріп тұрған тек жердің жетіспеушілігі емес. Ең басты мәселелердің бірі – бар өнімді өндіре алмау. Яғни, төрт түліктің сүтін сауып, жүнін қырқатындар да тапшы.

Марат ТӨЛЕУОВ, шаруа қожалығының жетекшісі

  • Малшы жоқ, сауыншы жоқ. қазір енді 60-тың үстінде бұзау сиырға ілесіп жүр. Оны сауатын ауылдан келіп басқалай адамдардың реті шықпай тұр. Жүн мәселесі де өте қиын болып тұр. Жүн өтпейді қырқып аламыз да құдықтарға салып көмеміз. Жүнді тапсыратын жеріміз жоқ. ешкім алмайды

Аудан әкімдігі аталған мәселелерден бейхабар емес. Шаруа қожалықтарының өтінішіне құлақ түріп, Ресейден қайтарып алынған «Тайсойған» полигонының жерін біртіндеп малшыларға бөліп беруді бастапты.

Жәнібек ТҰРДАҒАЛИЕВ, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары

  • Бұрын отырған қыстақтарын заңдастыра алмаған 33 жеке тұлғаға шаруа қожалығын құрғызу арқылы жерлерін заңдастырып бердік. Оның сыртында 44 шаруа қожалығына жаңадан жер бердік, Тайсойған полигонынан. Бұл жұмыстар әлі де жалғасуда.

Аудан иелігіне қайтарылған жердің көлемі 624 мың гектарды құрайды. Оны шаруа қожалықтарына теңдей бөліп беру аудан әкімдігінің құзырында.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *