Басты ақпаратЖаңалықтар

Каспий жағалауындағы құны миллиард теңге болатын учаскелер мемлекетке қайтарылды

Каспий теңізінің жағалауында орналасқан құны 1,1 миллиард теңге болатын учаскелер игерілмегені үшін мемлекетке қайтарылды.

Биылғы оқу жылындағы жаңашылдық сол – елімізде 2023-2025 жылдарға арналған Бірыңғай білім беру бағдарламасы әзірленгені белгілі. Оның аясында барлық білім беру ұйымында ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтары ашылып, жұмыс істей бастады. Жуықта Қызылқоғадағы осындай орталықтың өкілдері Ығылман Шөреков атындағы мектеп-гимназиясында ерекше сабақ өткізді. Оған әр сыныптағы оқушылардың ата-аналары қатысты. Алдымен сергіп, көңіл көтерген олар кейін түрлі тренингке қатысты.

«Бұлақ көрсең көзін аш. Шығармашыл баланы бірге тәрбиелейміз» деп ұрандатқан ата-аналар оқу процесіндегі мұндай өзгеріске дән риза.

Қызылқоға аудандық әдістемелік орталық маманының сөзінше, ата-аналармен біріге отырып, ерекше сабақ өткізгендегі мақсат — отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту, бала тәрбиесінде оң мәдениетті дамыту.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы қазіргі кезде аудандағы 15 мектепте бар. Олар өз жұмысын өткен жылдың қазан айында бастады.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Басты ақпарат

БИЫЛ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАТЫСТЫ 3700 ХАБАРЛАМА ТІРКЕГЕН

Биыл заңға енгізілген өзгеріске байланысты 102 операторына тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы хабарлама түскен жағдайда полицейлердің ерлі-зайыптылардың ...