Басты ақпаратЖаңалықтар

ЗАҢДЫ БҰЗҒАН «РИКСОС» ҚОНАҚ ҮЙІНЕ ТАҒЫ ДА АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Маңғыстаудағы Риксос қонақ үйінің әкімшілігі еліміздің экологиялық заңдылығын көзге ілер емес. Аққулар жаппай өле бастаған соң Экология министрлігі қонақ үйден Қаракөл көліне баратын құбыр бойындағы судан сынама алған еді. Нәтижесінде қалдық судың технологиялық нормативтен артық төгілгендігі белгілі болды.

Ал қонақүйдегілер лас суды тек аптасына бір рет төгеміз деп шыр-пыр болған. Енді министрлік Aktau Tourism Ltd компаниясының қалдық суды Қаракөл көліне төгуіне жол бермеу туралы мәселе көтермек.

Ержан ЖҰМАШЕВ, Маңғыстау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары

 Тексерістің қортындысы бойынша, Риксос қонақ үйіне ҚР ӘҚБК баптарымен 331,328 баптарымен айыппұл салынды. Сонымен қатар Риксос қонақ үйі департаменттің берген нұсқаамсына сәйкес, мына кәріз судың құбырын қалалық орталық жүйеге қосылды. Сосын Қаркөлге төгіліп жатқан құбырды алып тастады. Риксос келіскенде айыппұлдың 1000 АЕК 50 пайызын төлеп тастады

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *