Caspian news — батыс аймақтық телеарнасы
Жаңалықтар

ЖАҢАРТЫЛҒАН ЖОЛДАР

Атырау, Caspian news.

Облыстағы тас жолдардың 80 пайызының жағдайы жақсарыпты. Бұл туралы Өңірлік комммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысы жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары басқармасының басшысы Қайрат Нұртаев мәлімдеді.Оның айтуынша, өткен жылы аймақтағы  облыстық және аудандық маңызы бар үш жүзден астам көшені қамти отырып, 33 елді-мекенде 276 шақырым жол жөнделген. Басқарма басшысы  Индер аумағында орналасқан Ынтымақ, Аққала ауылішілік жолдарына, Құрманғазы ауданының Жасталап ,Жыланды, Котяев, Шортанбай жолдарына, Исатай ауданы мен Жаңа Жанбай ауданында қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр дейді. Сондай ақ Ганюшкин-Приморье-Утера-Котяев тас жолының 29 шақырымына жөндеу жұмыстары басталыпты.

 

Оқи отырыңыз...

СПОРТШЫЛАР ДА ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

3 ЧЕЛОВЕКА ПОГИБЛИ В АВАРИИ

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ