Басты ақпарат

ДӘРІ-ДӘРМЕК ТАПШЫЛЫҒЫ ЖОЙЫЛАДЫ

Атырау дәріханаларына дәрі-дәрмекті жеткізу жұмыстары басталды. Медициналық препараттар өткен демалыс күндері қаладағы қоймалардың біріне арнайы көлікпен әкелінген болатын. Ал аудандарға тасымалдау қызметі сәрсенбі және бейсенбі күндеріне жоспарланған. Мұнда дәрілердің 430 түрі бар, оның 50-ге жуығы азитромицин, цефазолин, цефтриаксон және инъекцияға арналған ерітінді-лидокаин сияқты антибиотиктер. Алайда тұрғындар дәрілердің бір адамға шектеулі мөлшерде сатылатынын ескеруі қажет.

Ержан АБЫЛХАНОВ, Атырау облысы әкімінің орынбасары

— Атырауға жедел түрде дәрілер, антибиотиктер мен арнайы ерітінділер жеткізілді. Олардың барлығы қаладағы және аудандардағы дәріхана сөрелеріне қойылады. Тағы айта кетейін, көтерме бағасы өзгерген жоқ, сондықтан дәріханаларда да, тұтынушылар үшін де баға өзгермейді.

Соңғы екі аптада өңірде вирусқа қарсы және қызу түсіретін препараттардың тапшылығы байқалған болатын. Ал өткен жұмада облыс басшысы бұл мәселені тез арада шешуді тапсырды. Қазір шаһардағы «Семейное», «На Гурьевской», «Гиппократ», «Большая аптека» және «Социальная аптека» сынды ірі дәріханалар желілері қажетті препараттармен қамтылып жатыр.

Ләйлә ІСТЕБАЕВА, дәріхана  провизоры

  • Біз бір аптадай препараттарсыз отырдық, қорымызда қанша болды соны да жұмсадық. Қазір жағдай тұрақталып келеді. Бізге цефазолин, метрид, АСС және түрлі антибиотик әкелінді.

Әкімдіктегілер облыстағы дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары әрі қарай да жалғасатынын айтты. Жуық арада тұрғындар мен дәріханалардың препараттарға деген қажеттілігін толықтай қамтимыз деп жоспарлап отыр.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *