Атырауда балық инспекторлары былтыр 2000-нан астам құқық бұзушылықты анықтаған. Қылмыстық жауапкершікке тартылған 13 адамға қатысты 10 іс сотқа жіберіліпті. Бұл туралы «Жайық-Каспий» облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының баспасөз хатшысы Рүстемек Қорқытов мәлімдеді. Браконьерлерге жалпы сомасы 30 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.
