Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда қызылшаға қарсы екпе салу науқаны жалғасуда

Атырауда эпидахуалдың тұрақсыздығына байланысты қызылшаға қарсы екпа салу науқаны әлі де жалғасуда. Геолог емханасына 27 қараша күні 1000 доза вакцина жеткізілген. Қазіргі кезде олардың 300-ге жуығы салыныпты. Емхана меңгерушісінің сөзінше мұнда жыл басынан бері қызылша жұқтырған 400-ге жуық адам есепке алынған Оның 300-ге жуығы бала болса, қалғаны ересек. Ауруды жұқтырғандардың арасында жүкті келіншектер де бар. 

«Қазір 90 пайыз екпе алмаған балалар аурып тұр. 6 айдан 10 күн-29 күн аралығындағы балаларға, 2 жастан 4 жас, 11 жастағы балаларға және 55 жасқа дейінгі медицина қызметкерлеріне қосымша екпе алуды жүргізіп жатырмыз. Қазір вакцинаға қарсы көптеген жалған ақпараттар тарап жатыр ғой, соның әсерінен бе ата-аналар осындай жағдайға душар болып жатыр» —деді Геолог емханасының ОДО меңгерушісі Гүлдария Ботанова

Еске салайық, елде қызылша инфекциясы таралуының алдын алу және эпидахуалды тұрақтандыру мақсатында биыл қарашада Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің арнайы қаулысы шықты. Онда 6 қарашадан бастап 6 мен 11 ай арасындағы балаларды қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы, ал желтоқсан айында егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жас аралығындағы кішкентайларды қосымша жаппай иммундау керектігі айтылған.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *