Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДА ИНКЛЮЗИВТІ ТЕАТР АШЫЛМАҚ

Атырауда алғаш рет Talshyn атты инклюзивті театр ашылмақ. Идеяның авторы  «Бiз де адамбыз» қоғамдық қоры.

Олардың сөзінше, бұл мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғаммен жаңа байланыс орнатуына, өздерін жаңа қырынан көрсетуіне мүмкіндік беретін шығармашылық орта.

Мұнда 70 -ке жуық адамды тарту жоспарланып отыр. Қор басшылығының сөзінше, жыл аяғына дейін бірнеше шығармашылық кеш пен спектакль қойылады.

:  Жасы 5-тен асқан  мүмкіндігі шектеулі кез-келген жан театр актері бола алады. 28 жастағы  Жұлдыз Кәрімова сал ауруына шалдыққан. Кішкентайынан  актриса болғысы келетін. Енді соған бір табан болса да жақындай түскен жайы бар.

Ал актерларды үлкен сахнаға кәсіби мамандар дайындамақ. Олар актерлық шеберлік, хореография және вокалдан шеберлік сағаттарын өткізеді. Кешке қонақ болып келген Зайда Нұғманова ерекше баланың анасы. Ол мұндай  жобалардың мүмкіндігі шектеулі жандардың ашылуына мүмкіндік беретінін айтады.

Жоба Теңізшевройлдың әлеуметтік бағдарламалары аясында жүзеге асып отыр. Сондай-ақ, театрға тек актер ретінде ғана емес, ерікті ретінде де келуге болады. Ол үшін byzde.adambyz. қорының инстаграмм парақшасы арқылы жазыласыз.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *