Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда жол қозғалысы шектелген тасжолдар ашылды

Жауын-шашынның көп жауып, тасжолдардың көктайғақ болуы салдарынан Атырау облысы аумағында 6 ақпан күні сағат 19:00 шамасында республикалық және облыстық маңызы бар 3 тасжолдағы қозғалысқа шектеу енгізілген еді. Қазір барлық жол ашық.

Түнгі мезгілді автокөліктердің жол бойында қалып қоюының алдын алу мақсатында жақын жердегі елдімекендер мен қалаларға қызметтік көліктердің еріп жүруімен жеткізу жұмыстары да жүргізілді.

Жол қозғалысына шектеу енгізілгелі 300-ге жуық көлікті еріп жүрумен жеткізу және көлігінде техникалық ақау орын алған 11 көлікке көмек көрсетілді.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *