Атырауда салынып жатқан ғимараттың 5-қабатынан екі жұмысшы құлап кетіп, біреуі көз жұмды. Оқиға 20 қаңтарда облыс орталығында салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Бесінші қабаттан құлаған 41 жастағы ер адам сол жерде көз жұмса, қасындағы 33 жастағы жігіт әртүрлі дене жарақатымен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді. Ақ халаттылардың айтуынша, науқасқа жоспарлы түрде ота жасалып, гипс салынған. Қазір жағдайы жаман емес. Ал полицейлер қылмыстық кодекстің «еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» бойынша іс қозғады.
What is your reaction?
Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0