Басты ақпаратЖаңалықтар

Атырауда автобустар төрт бағытта тегін қатынамақ

Облыс орталығында тарауих намазынан тараған жамағатқа арнап тегін автобустар ұйымдастырылмақ.

Бұл туралы орталық мешіттің баспасөз қызметі мәлім етті. Атап айтқанда, түнгі сағат 20:55-23.00 аралығында «Мешіт-Теміржол вокзалы», «Мешіт-Балықшы», «Мешіт-Авангард» және «Мешіт-Нұрсая» бағытында тегін автобус қатынайтын болады. Орталық мешіттің қалалық әкімдікпен бірлескен бұл игі жобасы жыл сайын дәстүрге айналған.

«Тарауих намазына халық көп жиналады. Бәрінің бірдей жеке автокөлігі бола бермейді. Түнгі мезгілде жолаушылар тасымалы да тоқтайды. Сондықтан тегін автобустар ұйымдастырылатын болады» дейді өңірдің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *