Басты ақпаратЖаңалықтар

АТЫРАУДАҒЫ №30 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯ ҒИМАРАТЫ БҰЗЫЛАДЫ

Атыраудағы үш тілде оқытатын дарынды балаларға арналған №30 мектеп-гимназиясы ақыры бұзылатын болды.

Осыдан 20 жыл бұрын пайдалануға берілген білім беру нысанының қазіргі жағдайын мұқият қараған сарапшылар ғимарат қауіпті деген шешімге келіпті. Бұл туралы қалалық білім бөлімінің басшысы Айнагүл Дүйскенова айтты. Оның сөзінше, қазіргі уақытта қажетті құжат жасақталып, білім беру басқармасына жіберілген.

Айнагүл ДҮЙСЕКЕНОВА, Атырау қалалық білім бөлімінің басшысы

—  Құжаттардың барлығын облыстық білім беру басқармасына тапсырдық. Одан әрі қарай қаржы басқармасына өткізіп, құжаттарды рәсімдеп жатыр.  Апатты деп танылу жөнінде қаулы шыққаннан кейін білім беру ордасындағы мүліктер басқа мектептердің балансына беріледі. Одан кейін мектепті бұзу туралы өзінің заңды тәртібімен жұмыстар ұйымдастырылады.  Қаныш Сәтбаев атындағы мектепті күрделі жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 1 ауысыммен Тайманов мектебіне тасымалданып отырған оқушылар №19 мектептің базасында оқытылады деп жоспарлап отырмыз.

What is your reaction?

Excited
0
Happy
0
In Love
0
Not Sure
0
Silly
0

Leave a reply

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *