10 ТОННА БАЛЫҚ ҚЫРЫЛДЫ

Read Time0Seconds

Қаладағы су тоғандарынан жинап алынған өлі балықтардың салмағы 10 тоннаға жуық. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аң шаруашылығы комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Нақтырақ айтқанда, «Лугов ат зауыты» ЖШС-нің Атырау филиалында 3,4, ал «Жайық-Атырау» бекіре балық өсіру зауытында 1 жарым тонна бекіре балығы қырылған. Перетаска өзегінен 1,1, «Атырау су арнасы» мекемесінің маңынан және Жайық өзенінің төменгі жағынан 3,9 тонна өлген қара балық жиналыпты.

Еске сала кетейік, су маржандарының өлу дерегі желтоқсанның басында байқалған еді. Алғашқы зерттеу қорытындылары судағы хлордың рұқсат етілген мөлшерден 1,5 -2 есе артқанын көрсеткен. Қазір осы оқиғаға байланысты екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалып, Экология департаменті Жайыққа су жіберетін мекемелерді тексеруге кірісіп кетті. Ал, оның қорытындысы желтоқсанның соңына қарай шығып қалуы мүмкін.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Next Post

ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРУ ТЕЗДЕТІЛДІ

Бөлісу FacebookVKTwitteremailPrint Бұдан былай атыраулықтар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып әлек болмайды. Мамандар бұның да оңай әдісін енгізді. Яғни, тұрғын үй иесінің өтінішімен азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу есебінен шығару онлайн түрде іске асырылады. Ол үшін егов.кз порталына тіркеліп, ондағы сілтемеге […]