Қала әкімі есеп берді (видео)

Жазбалар
Read Time5Seconds

Тағайындалғанына бір ай толмаса да, облыс орталығына қарасты алты ауылдық округті аралап, халықтың жағдайымен танысып үлгерген қала әкімі Қайрат Оразбаев экс-әріптесінің бір жыл бойы атқарған жұмысын қорытындылады.

Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында өткен жиында шаhар басшысы қаланың бұрынғы әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлының өткен жылы жасаған жұмысы тізбектелген ақпаратты асықпай отырып, 40 минут баяндады. Және биыл өзінің жетекшілігімен атқарылатын жұмыстардың да кейбірін айтып өтті.

Қайрат ОРАЗБАЕВ, Атырау қаласының әкімі

Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елдімекендердің ұзындығы 71,2 шақырымды құрайтын 141 көшеге жол құрылысын жүргізу және жалпы ұзындығы 169 шақырымды құрайтын 171 көшеге жаяу жүргінші жолын салу жұмыстарын жобасын аяқтауға тиістіміз. 29:53Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Ақылды қала» бағытында қала аумағында барлығы 774 «Сергек» бейнекамералары 2020 жылы іске қосылады.

Жиын кезінде қала тұрғындарының кейбірі күні кеше тағайындалса да ел аралап, біраз мәселеге қанық болғаны үшін Қайрат Оразбаевқа ризашылықтарын білдірсе, өзгелері бұрынғы жасалған кейбір жұмыстардың сапасыз атқарылғандығын айтып, ашу шақырды.

— Сонда келіп-кеткен әкімдер ешқандай қызмет атқармай, осындай тек шығарып салма сөздермен адамдарды тойғызып қойған. Айып етпеңіздер, сіздер жаңа келіп жатсыздар, сіздерге салмақ саламыз, сұраймыз.

— Извините меня, но вы оба новые акимата люди. Команда пришла новая. Те люди, которые остались и вам подчиняются, которые вот это все безобразие в течение 12 лет все длится, вы понимаете?

Біразға созылған сұрақ-жауаптан кейін қала басшысы экс-әріптесіне қарата айтылған сындарға жауап берді.

Қайрат ОРАЗБАЕВ, Атырау қаласының әкімі

— Экс әкімнің жұмыстарына жауап беру қиын емес, біздің жауап беріп отқанымыз жұмыстың жасалғандығының көрсеткіші, әрине, жетістіктер өте көп. Оны мойындау керек. Енді жаңа бағытта сұрақтар, оған жұмыстану керек.

Жиналғандардың сұрақтарына алма-кезек жаауап берген қос әкім кездесу соңында жазбаша түскен сауалдардың да жауапсыз қалмайтынын ескертті.

Күнайым Сәкен, Фархад Тәжібаев, КН

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise