Фото: ©krapka.club

Индонезия жағалауында құлаған ұшақ: Апаттың мән-жайы анықталды

Индонезиядағы жағалауда құлаған Lion Air ұшағының бортында 189 адам болған, олардың арасында 181 жолаушы, олардың үшеуі бала және экипаждың төрт мүшесі болыпты, — деп хабарлайды РИА Новости агенттігі. 

Ұшақ радардан жоғалып, жағалауға құлар алдында әуежайға қайта оралу туралы сұрау жолдаған, бұл туралы Синьхуа агенттігі көлік министрлігінің өкілі Бамбанг Эрванға (Bambang Ervan) сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Jakarta Post газетінің интернет нұсқасы Индонезияның төтенше жағдайды еңсеру бойынша агенттігіне (Basarnas) сілтеме жасап Lion Air әуе компаниясының Boeing 737 ұшағымен таңертең байланыстың жоғалып, Индонезиядағы Ява аралының батыс жағалауындағы теңізге құлағанын хабарлады.

«Ұшақ радардан жоғалмай тұрып әуедиспетчерлік қызметтен базаға оралу туралы сұраған», — деп мәлімдеді Эрван агенттікке.

Lion Air JT610 рейсі жолаушыларының туыстары. © Reuters.
Lion Air JT610 рейсі жолаушыларының туыстары. © Reuters.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Lion Air бюджеттік әуе компаниясының Boeing 737 MAX лайнері Джакартадан Суматра аралына жергілікті уақыт бойынша сағат 06.20-да (Астана уақытымен сағат 05.20-да) ұшып шығып, 06.33-те (Астана уақыты бойынша сағат 05.33-те) жоғалып кеткен. Батыс Яваның жағалауындағы теңізде ұшақ қалдықтары жатқаны туралы алғашқы хабарлама теңізшілерден сағат 06.45-те (Астана уақытымен 05.45-те) келіп түскен.

Добавить комментарий

Ваш адрес электронной почты не будет опубликован.Обязательные поля помечены *