Елімізде бірқатар пойыз кестесіне өзгерістер енгізіледі

Елімізде 2018-2019 жылдарға арналған пойыз қозғалысының жаңа кестесі 9 желтоқсаннан бастап енгізіледі.

«105» нөмірі бойынша біртұтас анықтама қызметі мен теміржол вокзалдарының анықтамалығы жолаушылар пойызы қозғалысының кестесін өзгертуге қатысты нақты ақпарат беруге дайын. 2018 жылдың 9 желтоқсанынан бастап «РТЖ» ААҚ бірлесе күнара жүретін «Қарағанды-Томск-2» бағытындағы №363/364 пойызын жолға қою жоспарланып отыр.

«УТЙ» АҚ жасақтаған Бейнеу — Атырау — Қиғаш арқылы «Ташкент — Мәскеу» қатынасындағы №349/350 пойызы аптасына бір рет жүретін болады.

Жолаушылардың өтініштері мен тілектері ескеріліп, ҚР ИДМ келісімімен, жол жүру уақытын 4 сағатқа қысқарту және жылдамдықты арттыру есебінен «Алматы-2 — Маңғыстау» бағытында қатынайтын №377/378 пойызын жеделдету туралы шешім қабылданды. 2019 жылдың 2 қаңтарынан «Алматы-2 — Орал» қатынасындағы №49/50 пойыздың жүру жолы өзгереді. Пойыз (Шымкент-Қызылорда станциясының орнына) Астана — Тобыл станциясы арқылы жүреді. Теміржолдағы жолаушылар тасымалында тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жазғы кезендегі іске қосылатын қосымша пойыздар келесі тәртіпте сақталады:

№ 152/151 Астана — Алматы жиілігі күнара;

№ 162/161 Алматы — Семей жиілігі күнара;

№ 173/174 Алматы — Шымкент жиілігі күнара;

№ 176/175 Алматы — Түркістан жиілігі күнара;

№ 251/252 Самарқанд — Астана жиілігі аптасына бір рет;

№ 253/254 Астана — Достық жиілігі аптасына 2 рет.

 

Ақпарат көзі: inform.kz

 

Добавить комментарий

Ваш адрес электронной почты не будет опубликован.Обязательные поля помечены *