ТӨРТ ДӘРІГЕРДІҢ ІСІ ӘЛІ ҚАРАЛУДА (видео)

Жаңалықтар
Read Time1Second

Атырау облыстық перинаталдық орталығында бала үстінде қайтыс болған Анаргүл Майлыбаеваның өліміне қатысты сот процесі әлі де жалғасуда.

Бұл іске қатысты сот үкімі әлдеқашан шығып, 4 бірдей дәрігер ақталғанымен, жәбірленуші тарап мұнымен келіспей, апелляциялық шағым түсірген болатын. Олар Анаргүлдің өліміне ақ халаттылардың кінәлі екендігіне сенімді. Сол себепті де сот-медициналық сараптамасын үшінші рет өткізуге өтініш берген. Бірақ, бас қаладағы сот сараптамалар институты нақты себептер көрсетілмеген деп сараптама өткізуден бас тартып, құжаттарды кері қайтарыпты.

Қалай да әділдікке қол жеткіземіз деп отырған жәбірленуші тарап соттан қайталама сараптама тағайындау туралы себептерді көрсетіп, оның қайта жүргізілуін талап етті. Ал, дәрігерлер мен олардың қорғаушылары одан пайда жоқ деген пікірде.

Ақырында Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Дина Тұқфатова сараптаманы Нұр-Сұлтан мен Алматыда емес, Қарағанды қаласында өткізу туралы шешім қабылдады. Ендігі сот отырысы сараптама нәтижесі дайын болғаннан кейін жалғасады.

Арзу КАРАШ, Акылбек КЕРТАЕВ Caspian news

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise