ТІРКЕУДЕН ШЫҒАРУ ТЕЗДЕТІЛДІ

Read Time0Seconds

Бұдан былай атыраулықтар тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығу үшін халыққа қызмет көрсету орталығына барып әлек болмайды. Мамандар бұның да оңай әдісін енгізді. Яғни, тұрғын үй иесінің өтінішімен азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тұрақты және уақытша тіркеу есебінен шығару онлайн түрде іске асырылады. Ол үшін егов.кз порталына тіркеліп, ондағы сілтемеге өту арқылы жылжымайтын мүліктің орналасқан жерін таңдап, келесі қызметтерді орындау жеткілікті.

«Жүйенің тиімділігі сол – жылжымайтын мүлік иесі тіркеуде тұрғандардың санын бақылап отыра алады. Ал тұрғылықты мекен-жай бойынша пәтерге тіркеуге тұру үйдің көлеміне қарай есептеледі және де адам саны шектелмейді» дейді ХҚКО мамандары.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Next Post

КИІКТЕРГЕ КӨМЕККЕ КЕЛДІ

Бөлісу FacebookVKTwitteremailPrint Заңсыз киік аулағандар ұсталды. Атырау облысының аймағына көршілес Батыс Қазақстан облысынан киіктердің көшуі басталды. Осыған байланысты, «Охотзоопром» мекемесінің жедел тобы рейд ұйымдастырып, іс-шара барысында Қызыл кітапқа енген оларды заңсыз аулағандар ұсталды. Сондай-ақ, Индер ауданына қарасты Елтай селолық округінің аумағында «Нива шевроле» автокөлігі тоқтатылып, жүк салғыштан сирек кездесетін тағы […]