Бұл әлеуметтік желі арқылы таралған бейнетүсірілім. Толик есімді азамат өзін біреулердің құлдықта ұстап отырғанын айтқан. Сөзіне сенсек, оны 2010 жылы «жұмыс тауып береміз» деген сылтаумен Шымкенттен Атырауға алдыртқан. Алайда 9 жыл бойына арбаға таңылған жігітке көшеден қайыр сұратып, одан түскен қаржыны өздері алып отырған.