Шетінеген нәрестелерге дұрыс диагноз қойылмаған

Шетінеген нәрестелерге дұрыс диагноз қойылмаған

Read Time2Seconds

Атырау, Caspian News.

Атырау облыстық Перинаталдық орталығында шетінеген нәрестелердің көпшілігіне дұрыс диагноз қойылмаған. Сарапшылар  қойылған негізгі клиникалық, патология-анатомиялық диагноздардың 15 %-ын ғана растап отыр.

 

Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бюрабекова мәлімдеді. «Өлім-жітім деректерінің 82%-ына, яғни көз жұмған 12 балаға бактериялды сепсис, 4 балаға басқа да диагноздар қойылды. Қыркүйекте 35 сәби өліміне қойылған диагноз сарапшылармен расталса, ал 65-і расталмады.

 

Сондай-ақ, сараптама нәтижесі перзентханада санитариялық-эпидемиологиялық тәртіпті сақталмауы себептіе қыркүйек айында ауруханаішілік инфекциялардың көбейгенін көрсетті. Бұл дерек мониторинг кезінде эпидемиологиялық тексеру нәтижелерімен расталыпты.

 

 

 

 

 

 

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise
Author Image
CNTV жаңалықтар қызметі