«ҰЛТ-АСПАПТАР ОРКЕСТРЛЕРІНІҢ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІНІҢ 2-ШІ КЕЗЕҢІ

Жаңалықтар
Read Time0Seconds

Күй атасы Құрманғазы бабамыздың 200 жылдығына арналған «Ұлт-аспаптар оркестрлері» халықаралық фестивалінің 2 кезеңі өтті. Мұнда Атырау, Қызылорда, Орал, Талдықорған облыстарымен бірге Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей сынды көршілес мемлекеттерден келген музыкалық ұжымдар өнер көрсетті. Айталық, Өзбекстаннан келген «Согдиана» оркестрлік құрамы «Балбырауын» күйін нақышына келтіріп сүйемелдесе, өзіміздің Атыраулық «Нарын» оскестрлік ансамблі орындау шеберліктерімен көрерменді тәнті ете білді. Ұлттық рухани қазыналарды жаңғыртқан аталмыш шараға — елге танымал өнер майталмандары мен дәстүрлі ән мектебінің өкілдері қатысты.

Алтынбек ҚОРАЗБАЕВ, көрермен:

— Енді мақтайтын ештене жоқ, бәрін мақтауға болады. Қазір, құдайға шүкір әр облыстың құрамында оркестрлік құрамдар бар. + Скифті тыңдадым. Ондай квартеттер біз де бар бірақ, өкінішке орай қолға алынбайды. Бір балалайка, альт, прима айналдырған үш аспаппен бүкіл әлемді аралап шықты. Жаңалық бар деп айта алмаймын. Бірақ, енді өкінішке орай саз сырнай, жетіген аспаптары көрінбейді, сол кішкене өкінішті. Соларды пайдалану керек келешекте.

0 0

About Post Author

CNTV

0 %
Happy
0 %
Sad
0 %
Excited
0 %
Angry
0 %
Surprise