Атырау, Caspian News.

Барлық коммуникациялық жүйелер қалыпқа келтірілген, қала көшелері жаңбыр суларынан тазартылып, бүгінде барлық коммуналдық қызмет штаттық режимде жұмыс жасауда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім болды. Ресми деректерге сүйенсек, толассыз жауған қар мен жаңбырдың салдарынан коммуналдық шаруашылық қызметкерлері 30 мың тоннадан астам су сорған. Бұдан бөлек «Атырау Жарық» АҚ Атырау қалалық жүйелері мекемесі басшысының сөзінше, Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан ешқандай ескерту хабарламасының келмеуі себебінен энергетиктер мұндай жағдайға дайын болмаған.