Атырау, Caspian News.

«Атырауда анемияға шалдыққандардың саны азаймай тұр»,- дейді мамандар. Жыл басталғалы өңірде қаназдық ауруымен 1700-ден астам адам тіркеліпті. Солардың бірі — бұл дертпен 20 жыл бойына арпалысып келе жатқан Берікбай Дәулетбаев.